Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Киноға өзім шақырдым": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Отандық актриса, мотиватор Айжұлдыз Адайбекова су жаңа сүйіктісін қалай жолықтырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Өнер иесі оқырмандарын “шай қойып, жайғасып алыңдар, қазір қызық болады” деп қызықтырып қойды. 

“Оны алғаш рет 26 қараша күні көрдім. Біз ол кезде танысқан жоқпыз. Бірақ бір-бірімізге қарадық. “Өзгеше адам екен” деп ойлағанымды білемін. Біздің ортақ досымыз – Әділет Рахметолла. Ол сонымен бірге түрлі қызық видеолар түсіретін. Сол арқылы да сырттай танитын едім. Келесі күні ол жеке парақшама жазып, стилімнің ерекше екенін айтты. Одан кейін бір-бірімізге жазылдық. Бірақ кездесу туралы ойламадым. Өйткені сол сәтте жұмыс өте көп болды. Бір күні Азиза жарнамаға түсуге шақырды. Ол жерге Сәкен де келді. Біз екеуміз ғашықтардың рөлін сомдадық. Әрі қарай мен Түркістан қаласына ұшып кеттім. Театрға шақырту алған едім. Ол жақта дайындықтан қолым тимеді. Қаңтарда киноға барып, фильм көрдім. Оны жеке парақшама жүктедім. Ол барғысы келетінін айтты. Мен бірден “Сенімен екінші рет көруге қарсы емеспін” деп жазып жібердім. Сол кезде-ақ екеуміз жақын араласа бастадық”, – дейді Айжұлдыз. 



Актрисаның айтуынша, сүйіктісі екеуі үнсіз тілдесіп, бір-біріне ессіз ғашық көрінеді. 

“Біздің достығымыз қыз бен жігіттің махаббатына ұласты. Әңгімемізді тауда жалғастырдық. Оның қамқорлығын қатты сезінемін. Бір күні гүл әкеліп, ашықхатқа: “Сенің көздерің шексіз ғарыш” деп жазыпты. Өзімді дораманың кейіпкері сезіндім. Құдаймен тілдесіп, “Осы адам менікі ме?” деп сұрадым. Бір-бірімізді сөзсіз түсіне бастадық. Алғашқы саяхатымыз Үндістаннан басталды. Достарымыз бен жақындарымыз ғана білетін кез еді. Ол менің дәл үйімнің алдында тұрып, ернімнен сүйді. Сол кезде “Сен оны сүйесің, Айжұлдыз” дедім. Одан кейін анаммен таныстырдым. Бәрі осылай басталды. Оның қасында өзімді жайлы сезінемін. Жүрегім тыныш”, – деп жазды актриса. 

Айта кетейік, Айжұлдыздың су жаңа сүйіктісі мобилограф екенін оқырмандары біліп қойған еді. 

Талқылау