Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KIMEP University-де грантпен білім алу мүмкіндігі артты

Жоғары оқу орнын таңдауда талапкерлер үшін білім сапасымен қатар қаржылық қолдау мүмкіндігі де маңызды. Биыл KIMEP University талапкерлерге осындай мүмкіндікті бұрынғыдан да кеңірек ұсынып отыр. Университет 2026–2027 оқу жылына арналған Жазғы гранттарды бөлу бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастап, гранттар санын жариялады.

KIMEP University – халықаралық академиялық стандарттарға негізделген, толықтай ағылшын тілінде білім беретін Қазақстандағы жетекші университеттердің бірі. Мұнда оқу аудиториямен ғана шектелмейді. Теория тәжірибемен ұштасып, студенттер білім алу кезеңінде-ақ болашақ мансабына қажетті дағдыларды қалыптастырады. Университет бизнес, құқық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, компьютерлік ғылымдар мен математика бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлайды.

Мұның нәтижесі де айқын. Университет түлектерінің шамамен 95%-ы оқуын аяқтағаннан кейін алты ай ішінде жұмысқа орналасады, ал олардың жартысынан астамы диплом алғанға дейін жұмыс ұсынысын алады. Бүгінде KIMEP University-дің 15 мыңнан астам түлегі әлемнің түрлі елдерінде табысты еңбек етіп, университеттің кәсіби қауымдастығын қалыптастырған.

Студенттердің мансаптық мүмкіндіктерін университеттің серіктестік желісі де кеңейтеді. KIMEP University Big 4 және Big 3 компанияларын, халықаралық қаржы ұйымдарын, IT, FMCG, HoReCa, өндіріс, білім беру және мемлекеттік сектор ұйымдарын қоса алғанда, 200-ден астам корпоративтік серіктеспен ынтымақтасады. Ал әлемнің 200-ден астам университетімен жасалған келісімдер студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алып, халықаралық тәжірибе жинауға жол ашады.

Биылғы жазғы гранттарды бөлу бағдарламасының ауқымы ерекше. Биыл KIMEP University жазғы гранттар бағдарламасының аясында бакалавриатқа 78, магистратураға 45 грант ұсынады. Гранттар университеттің ішкі қаржылық қолдау бағдарламалары арқылы беріліп, оқу ақысын толық немесе ішінара өтеуге мүмкіндік жасайды.

Бакалавриат талапкерлері психология, когнитивтік ғылымдар, халықаралық құқық, құқықтану, аударма ісі (екі шет тілі), ақпараттық жүйелер және компьютерлік ғылымдар бағыттары бойынша гранттарға үміткер бола алады. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің талапкерлеріне арналған CAUS Scholarship және өзге мемлекеттердің азаматтарына арналған International Scholarship бағдарламалары да қарастырылған. Гранттардың бір бөлігі оқу ақысын төрт академиялық жыл бойы толық өтесе, енді бірі оқу құнының 50 немесе 60%-ын жабады. Бағдарлама Қазақстан азаматтарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келетін талапкерлер үшін де ашық.

Магистратура бағдарламалары бойынша да мүмкіндіктер аз емес. Университет халықаралық құқық, MBA, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, халықаралық қатынастар, халықаралық журналистика, экономика, психология, шетел тілдері және білім беру саясаты мен менеджменті бағыттарына гранттар ұсынады. Бағдарламаға байланысты оқу ақысының 50, 60, 75 немесе 100%-ы өтеледі.

Грант иегерлері конкурстық іріктеу нәтижесінде анықталады. Үміткерлер қажетті құжаттарды тапсырып, таңдалған бағдарламаға сәйкес сұхбаттан, эссе немесе портфолио бағалауынан және басқа да іріктеу кезеңдерінен өтеді.

Жазғы гранттарды бөлу бағдарламасына өтінім қабылдау 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Сондықтан халықаралық деңгейдегі білім алып, кәсіби жолын сенімді бастауды жоспарлаған талапкерлер үшін бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланатын уақыт дәл қазір. Бағдарлама туралы толық ақпаратпен KIMEP University ресми сайтында танысып, грантқа өтінімді келесі сілтеме арқылы рәсімдеуге болады: https://finaid.kimep.kz/en/registration.

Stan.kz
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026 11:19