Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің анасы болар деген 14 болжамды әйел мен 1 ер адамнан анализ алынған

Белгілі журналист Қымбат Досжан “1001 түн” бағдарламасында бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты тың деректерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Тележүргізуші Қымбат Досжан бір аптада Жәнібек дүниеге келген соң 4-5 күн перзентханада емізіп, ақ сүтін берген ананы тапқанын айтты.

“Әлеуметтік желіде басым көпшілігі Жәнібекке жаны ашып жатса, енді біреулер “Қазақстанда не бар? Еуропаңда күшті ғой” деп жазыпты. Одан бөлек тағы бір топ болды. Сол топты зерттей келе болжамды ана, құжат бойынша сол әйелдің есімімен, екінші баласын дүниеге әкелген әйелді таптық. Бірақ екі бірдей тапсырған анализде сәйкестік 0 болып шықты. “Үй жағдайындағы шаруаларды реттеп, түнгі сағат 22:00-де қайтып келемін” деген қолхат та сол ананың қолымен жазылған”, – дейді журналист.

Бүгінде Арқалықтың полицейлері Астанаға келіп, осы іске қатысты тегреу жүргізіп жатыр. 

“Бастапқыда “Салғырттық” деген бап бойынша іс ашылып, кейін бұл оқиғаның болғанына 20 жылдан аса уақыт өткен соң жауып тастады. Одан кейін мен Жәнібектің атынан прокуратураға арыз жаздым. Сөйтіп қаңтар айының аяғында басқа баппен тергеу басталды. Қазір тергеушілер Астанаға келді. Олардың осында жұмыс істеп жатқанына бір аптадай уақыт болды. Кеше сұхбат бергенімде 14 ана деп айттым. Ал бүгін 6 әйелдің анализі шықты. Жәнібек 1-2 күнде кетіп қалады. “Осының арасынан шығып қала ма?” деген оймен лабораториядағылар түскен анализдерді шұғыл түрде тексеріп жатыр. 14 болжамды ана мен 1 ер адамнан анализ алынды. Біз бүкіл редакция – “Қазақ радиосы” сол ер адам Жәнібектің әкесі болып шықса екен” деп Құдайдан тіледік. Бірақ амал нешік, сәйкестік 0 болып шықты. Сол ер азамат “менің балам болып шықса екен” деп келгенін айтты”, – дейді Қымбат Досжан.


2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

Талқылау