Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кім таяқ жемей жатыр?": "Меломен" тобының әншісі халықтан кешірім сұрады

“Меломен” тобының әншісі Қайрат Мырзаханов халықтан оңбай сөз естіп, сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kairat_myrzahanov/

Өнер иесі “әйелін ұрып-соқты” деп басы дауға қалған әріптесі Ғабит Бибасыұлын қолдаған еді. 

“Көпшілігі "кім таяқ жемей жатыр" деген менің сөзіме наразы болып, "өзіңіз де әйеліңізді ұрасыз ба?" деп жатыр. Жоқ, құрметті достар. Ойланып қарасақ, мен дұрыс жеткізбеген шығармын. Алайда бұл сөз зорлық-зомбылықты қолдаймын деген сөз емес. Әпкем-қарындасым бар, әйелім, тәп-тәтті қызым бар. Мен бұл нәрсені ешкімге қаламаймын. Сондықтан ер-азамат ретінде хақыларыңызға өтіп кетсем, бұл сөз арқылы кешірім сұраймын. Қоғамда бәрі ұрыс-керістен ажырасып жатыр. Сондай мағынада бұл сөзді айтқан едім", – деді әнші.



Әйелдердің құқығын қорғауға білек сыбана кіріскен коуч-эксперт Роза Әшірбаева топ мүшелерінің әр жазбасында жасырын түрде зорлық-зомбылықты қолдайтын мағына бар деп топшылады.

"Топ мүшелерінің өздерін тексеру керек. Әйелдерін ұратын және оны қалыпты ерлі-зайыптылардың өмірі деп санайтын секілді. Біздің елдің ер азаматтары өздеріне ыңғайлы "жарқын жақта" өмір сүреді. Олар жаңалық оқымайды, ресми мемлекеттік ақпаратты менсінбейді. Олардың "жарқын әлемінде" ажырасудың себебі: қызғаныш, ашық киіну және еркектің ақша аз табуы екен... "Кім таяқ жемей жатыр" деп елдің алдында жүрген абыройлы әнші, "жарқын жақта" өмір сүретін ер азаматтар осы есепті түсіне ме екен?" – деп ашуланды коуч.

Айта кетейік, "Қолым мұрнына тиіп кетті" деп "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы даулы видеоға қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау