Ким Чен Ын қателіктері үшін кешірім сұрап, көзіне жас алды
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын өзінің қателіктері үшін кешірім сұрап, жылап жіберді. Бұл туралы The Korea Times жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

КХДР басшысы Кореяның Жұмысшы партиясының 75 жылдығына орай сөйлеген сөзінің үштен бір бөлігінде ел тұрғындарына алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол азаматтардың өмірін жақсарта алмағанына өкінетінін мәлімдеді.
"Адамдар маған сенді, олардың сенімдері аспандай биік және теңіздей терең болды, бірақ мен олардың үміттерін ақтай алмадым.Мен өте өкінемін", - деді Ким Чен Ын.
Daily Mail жариялаған кадрларда оның көзілдірігін шешіп, жасқа толған көзін уқалап жатқанын көруге болады.
Кейбір сарапшылар осылайша ел басшысы COVID-19-бен тиімді күреспегені үшін кешірім сұрауы мүмкін деп болжайды.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады