"Кезінде қылмыскер қамалғанда, қызым тірі болар еді": Түркістан облысында зорлықпен өлтірілген 5 жасар қыздың әкесі үкім жайлы пікір білдірді
Түркістанда 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот отырысы өтті. Сот отырысынан кейін 5 жасар қыздың әкесі Ержан Ержігіт оқиғаға қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Azattyq-ruhy.kz
Марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі сот отырысынан кейін болған жайтқа қатысты пікір білдіріп, сот судьялары жазалауы керегін айтты.
“Кезінде Сарыағаштағы судьялар бұл қылмыскерді қамағанда қызым тірі болар еді. Бостандыққа шығарған сот, судья барлығы жазалануы керек. Судья, прокурорлар ақша алып оны бостандыққа шығарып жіберді. Солардың барлығын жазалау керек. Отырыста қылмыскер кешірім сұрады. Бірақ одан бізге пайда жоқ. Қызым о дүниелік болды. "Ішіп алып қалай істегенімді білмеймін" деді. Бірақ барлық кінә дәлелденді. Сараптама барлығын көрсетті", - деді Ержан Ержігіт.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында 5 жасар қызды аяусыз өлтірген педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған