Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кейбір әңгімені әкесі айтуы керек еді": Дана Нұржігіт жалғызбасты ана болудың қиындығын бөлісті

Белгілі журналист Дана Нұржігіт жалғыз өзі ұл тәрбилеудің қиын екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/

БАҚ өкілі ұлының ер жетіп келе жатқанын көрсетіп, жігіттерше әңгімелесу үшін маман көмегіне жүгінгенін айтты. 

“13 отау иесі дегендей, кейбір әңгімені мен емес, әкесі айтуға тиіс еді, әттең… Қолдан келгенше, сауатты жеткізетін адам сөйлессінші деп қазақы тәрбие көрген маман іздедім. Уролог-андролог 14 жасар балаға ағзада осы кезде болатын жыныстық, психологиялық өзгерістер жайлы айтып берді. Маған қойған Әлімнің кейбір сұрақтарына жауап бере алмай қысылатын едім. Аналық міндетімді жеңілдетіп, дәрігер-маман сауатты жеткізді. Біраздан соң барсам, екеуі кең отырып, сырласқанын аңғардам. Күліп, әзілдесіп, қауқылдасып отыр. “Жыныстық қарым-қатынас, жеке гигиена, спорт, тамақтану, гормон өзгерісінің бәрін қамтыдық” деді дәрігер. Әлім ер азаматқа осы кезден уролог-андролог дос болу керек екенін түсінгендей”,  – деп жазды медиа маманы. 



Айта кетейік, журналист ұлының әкесі Владимир Рерихтің қазасынан кейін одан кешірім сұраған еді. 

“1996 жылы 11 наурызда таныстық. 2000 жылы шаңырақ көтеріп, 15 жыл бірге тұрдық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керек екеніме зор ықпал еттің, ақылшым. Сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың”, – деп жазған еді журналист. 

Талқылау