Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеткіміз келмейді": Наташа Королеваға қазақтың тағамдары ұнап қалды (видео)

Наташа Королева қазақтың қонақжайлығына таңқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік әнші Наташа Королевамен дуэт жазып, оқырмандарына жаңа туынды ұсынуға дайындалып жатқан Бүркіт өнер иесін үйіне қонақ етті. Әншінің келіншегі Айша қазақтың ұлттық тағамын жасап, ресейлік әншіге ұсынған. Наташа Королеваға қазақтың тағамдары қатты ұнап қалыпты.

"Бітпейтін тамақ. Үйдің иесі қандай десеңізші. Недеген тәтті. Қонақжайлықтарыңа рахмет, достар. Біз енді қайтқымыз келмейді. Болды біз кетпейміз. Тамақты сала беремін", - дейді Наташа Королева. 

Ресейлік өнер иесінің ұсынысын қабылдап, Наташа Королеваны ыстық ықыласпен күтіп алған Бүркіт пен Айша қалыңыз деп қонақжайлық танытып, әншіні риза қылды.

"Біздің үйге Наташа Королева келіп отыр. Біз бәріміз сондаймыз. Кетпеңіздер, қалыңызда, қонақжайлық танытуға дайынбыз. Айбек қазір сізге тамақ салып береді", - деп ыстық ықыласын білдірді Бүркіт пен Айша.

Талқылау