Түркістандық оқушы Қазақстан бойынша ҰБТ-дан ең жоғары балл жинады
Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады. Бұл – әзірге еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Айдос Хайроллаұлы Қожанов Кентаудағы Юрий Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейде 10 жыл білім алып, 11-сыныпта Грант мектебіне ауысқан.
Жігіт математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді екен.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтініш білдірген. Жалпы облыс бойынша 11-сыныпты 32 306 оқушы бітірді. Оның 1727-сі "Алтын белгіге", 2466-сы "Үздік аттестатқа" үміткер.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар