Кентау әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылдың 23 ақпанындаТүркістан облысы Кентау қаласының әкімі "М.Д. мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде аталған қаланың жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан сенім білдірілген адамдары арқылы 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңге баламасы) көлемінде пара алған.
Қазір күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
2026 жылғы қажылық бағасы: Неліктен біреулер 3 миллион теңге төлесе, енді біреулер 15 миллион теңге төлейді
Теңге құнының құбылуына байланысты бір адамға шаққанда 3 миллион 278 мың теңге
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”