Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенияда тұрғындар Исамен кездесу үшін аштан өлуде: Полиция 21 адамның мәйітін тапты

Кенияда “Ізгі хабар” сектасы тұрғындар миын улап тастаған. Салдарынан олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өліп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ВВС дерегіне сүйенсек, полиция қазірдің өзінде 21 адамның мәйітін тапқан. Оның ішінде 3 бала бар. Құзырлы орган өлген адамдар қатары бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Себебі тергеу жұмыстары енді ғана басталған. 

Елде 15 сәуір күні “Ізгі хабар” ұйымының жетекшісі Пол Маккензи Нтенге ұсталған еді. Ол дәл осы халық санасын улады деген күдікпен айыпталуда. Яғни халыққа алдағы ақырзаманнан құтылу үшін “аштық жариялауды” ұсынған. Бірақ секта басшысы өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Сөзінше ол ұйымды 2019 жылы таратып жіберген. 

Полицияның хабарлауынша, Малинди қаласындағы аштан қырылған азаматтардың денесін алып кетуге алғашында мүмкіндік болмапты. Себебі жергілікті халық дінге қайшы деп жолатпаған. 

“Адамдар Иса пайғамбармен кездесемін деген үмітте аштан аш өліп кетуде. Күдікті Пол Макензи Нтенге олардың миын улап тастаған”, - делінген полиция жазбасында. 

Сонымен қатар, мәйіттері шығарылған адамдардан ДНҚ сынамасы да алынбақ. Онда шынымен аштан өлген-өлмегені анықталады. 

Айта кетейік Пол Макензи Нтенге бұған дейін де бірнеше мәрте діни экстримизмге қатысы бар деген күдікпен айыпталған. Бірақ дәлелдің жеткіліксіздігіне байланысты ылғи да бостандыққа шығып кетіп отырды. 

Талқылау