Балалардың қанын ішкен қылмыскерді тұрғындар ұрып өлтірді
Кенияда тұрғындар іздеуде жүрген қылмыскерді ұрып өлтірген. Қылмыскер бұған дейін балаларды өлтіріп, қанын ішкені үшін тұтқындалған, бірақ қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Washington Post басылымына сілтеме жасап.

20 жастағы Мастен Ванжала 12 және 13 жастағы екі баланың өлімінен кейін тұтқындалған. Тергеу барысында ол бес жыл көлемінде он шақты баланы өлтіргенін мойындаған. Ванжала өзін футбол жаттықтырушысы ретінде таныстырған. Өз құрбанына есірткі беріп, кейін өлтіріп отырған. Кейбірінің қанын ішкенін де айтқан.
Қазанда Ванжала Найробидегі полиция бөлімінен қашып кеткен. Үш күн өткен соң Найробиден 400 шақырым жердегі туған қаласы Бунгома оны оқушылар байқап қалған. Мұны естіген тұрғындар жиналып, қылмыскерді ұрып өлтірген.
Ванжала түрмеден қашқан соң Найробиде қылмыскерге қашуға көмектесті деген айыппен үш полицей тұтқындалған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған