Коронавирус кене арқылы жұға ма
Асфендияров атындағы қазақ медицина университетінің профессоры, эпидемиолог Сәкен Әміреев кене коронавирус тасымалдамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың қан соратын жәндіктер арқылы жұғу ықтималдығы өте төмен.
"Кенен ақпан айының басында шыға бастады. Әдетте бұл жәндіктің белсенділгі сәуір-мамыр айларында арта түседі. Кененің шағуы өте қауіпті. Алайда күн жылына бастағанда тірілген маса мен кене сияқты жәндіктер коронавирустық инфекция қоздырғышының таралуына қатыса алмайды. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденбеген", - деді Сәкен Әміреев.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"