Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кемпір-шалға не жоқ": Қыдырәлі мен Қарақаттың романтикалық видеосы қызу талқыға түсті

Желіде Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның романтикалық видеосы қызу талқыға түсті. Instagram қолданушылары жұлдызды жұпты келін түсіріп, немере сүйер жасқа келгенде жастармен жағаласты деп сынға алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Стамбұлда өткен Айнұр Тұрсынбаеваның тойына Болмановтар жанұясы да қатысты. Үйдің үлкені Бекболат күйеу жігіттің жолдасы қызметін атқарса, Қыдырәлі мен Қарақат тойда айтыскерге қолдау білдіріп жүрді.



Одан бөлек, жұлдызды жұп Стамбұлдың әсем көрінісін пайдаланып, романтикалық видео түсірді. Бейнежазбада ақ көйлек киген Қарақат пен ақ костюм киген Қыдырәлі қол ұстасып, табиғаттың әсем көрінісін тамашалауда. Жұлдызды жұптың бұл қылығына кей оқырмандар тамсанып қараса, екінші топ жастармен жағаласты деп сынға алды. Одан бөлек, Әбілдина жас жұбайлардың тойына қалыңдықпен жарысып ақ көйлек кигені үшін елден сөз естіді.

"Болды қойыңдар, енді келін аласыңдар, жол беріңдер", "Осы екеуі қоймайды екен", "Кәрі кемпір-шалға не жоқ, жараспайды", "Осы екеуің қартаймайтын бірдеңе ішесіңдер-ау деймін", "Жаңа үйленіп жатқандай", "Неге ақ көйлек кидіңіз?", "Тойда келіншек ақ көйлек киіп жүрсе, Қарақат та киіп алыпты. Ол дұрыс емес, қалыңдықты сыйламағаны", - деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау