"Келін - робот емес": Балжан Бидаш жан айқайын жеткізді
Балжан Бидаш келіннің отбасындағы рөлі жайлы пікір білдірді. Ол келіннің робот емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Келін дегенді сіз қалай түсінесіз? Менің түсінгенім бойынша:
1. Күйеуінің ата-анасын, туыстарын сыйлайтын;
2. Күйеуінің ұрпағын жалғастыратын, балаларын тәрбиелейтін ана.
Келін – робот емес, үй қызметшісі емес. Ал күнделікті істейтін тамағы, үй жинау ол әрбір адамның күнделікті тіршілігі", – деп мәлімдеді Балжан.
Балжанның парақшасында жиі қозғалатын тақырыптардың бірі – бала. Жуырда туыстарының үйінде қонақта болған Балжан бала қарап шаршағанын айтса, мұны көрген кей оқырмандар әншінің жеке басына тіл тигізген.
"Балалы үйде базарда ұйықтағандай болады екенсің. Енді екі баладан кейінгі түрімді елестете аласыздар", – деді Бидаш.
"Осыдан кейін саған қалай бала берсін, кесір", "Олай өзіңіздің құрсақ көтеруіңізге блок қоймаңыз", – деп кеңес берді оқырмандар.

“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?