Келесі Олимпиада ойындары қашан және қай қалада өтеді
Келесі жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде өтетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токио – 2020 Олимпиада ойындары ресми түрде аяқталды. Бір жыл кейінге қалдырылып, биыл өткен дүбірлі дода алдыңғыларынан өзгеше болды: спорт сайыстары тарихта алғаш рет көрерменсіз өтті. Олимпиада ойындарында спортшылар 339 медаль жинағы үшін бақ сынады.
Әлемдік жарысты келесі жолы француздар ұйымдастыратын болды: Токио Олимпиадасының туы Париж мэрі Анн Идальгоға табысталды. Сайыс 2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтпек.
Айта кетсек, биыл өткен Олимпиадада Қазақстан құрамасы сегіз қола медаль жеңді. Еліміздің намысын 97 спортшы қорғаған. Олар 27 спорт түрінен сайысқа түсті.
Әлемдік рейтингтке Қазақстан 83-орынға табан тіреді.
700 мың теңге бопсалады деген блогер полицияны үш рет жазықсыз түрмеге қамады деп айыптады
Блогер: "2021 жылы 3 ай 21 күнге, 2023 жылы 2 айға, 2024 жылы 1 жыл 6 айға қамалдым"
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген