Келер жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады – премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин
Фото: freepik.com
Бүгінгі үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10 пайызға дейін төмендету жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жыл соңына дейін алдымызда нақты бағдарлар тұр – экономикалық өсімді кемінде 6% деңгейінде ұстау. Инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. Бұл ретте 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады. Шамаман 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту. Негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40%-ға дейін қамтамасыз ету”, – деді ұлттық экономика министрі.
Серік Жұманғарин сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі шаралар іске асыру жалғасатынын атап өтті.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар