Кей қазақстандықтарға шығармашылық демалыс алуға рұқсат етіледі: Оны кімдер ала алады

Қазақстанда ғалымдарға арналған әлеуметтік демалыстың жаңа түрі енгізіледі. Мұны Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, сенаторлар ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелеріне қатысты заңды мақұлдаған.
Заң аясында ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктерді дамытуға құқықтық негіз қалыптастырылады. Олар ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылыми жобаларды коммерцияландыру алаңына айналады.
“Жетекші ғалымдарға қолдаудың қосымша шарасы ретінде шығармашылық демалыс беріледі. Бұл демалыс жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға арналған”, – деді Максим Споткай.
Сонымен қатар ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібі жеңілдетіледі. Енді ғылыми ұйымдар бірнеше көзден, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары есебінен де қаржы ала алады.
Бұдан бөлек, Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты және заңмен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері арқылы қаржыландырылады.
Сондымен қатар мектеп оқулықтарынан баспаның кінәсінен қателер анықталған жағдайда, олардың таралымын баспа өз қаражаты есебінен ауыстыруға міндетті болады. Бұл норма заңнамада бекітіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарға жарты жылдық ақылы демалыс алу мүмкіндігі берілетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Оқыңыз