KEGOC басшысы Бақытжан Қажиев қызметінен кетті
KEGOC АҚ басқарма басшысы және директорлар кеңесінің мүшесі Бақытжан Қажиевтің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылды. Ол қызметтен өз еркімен кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, акционерлер кеңесі бойынша KEGOC АҚ басқарма басшысы болып Қаныш Молдабаев үш жылға тағайындалды. Молдабаевтың директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де уақытынан бұрын тоқтатылды.
Сонымен қатар Ернат Бердығұлов "Самрұқ-Қазына" АҚ өкілі ретінде директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
"Тиесов С.А және Бердіғұлов Е.К өкілеттік мерзімі KEGOC АҚ директорлар кеңесінің мерзімі аяқталған уақытқа дейін белгіленді", – деді компанияда.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды