Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҚазТрансОйл" 2022 жылы пайданың күрт төмендеп кетуінің себебін түсіндірді

"ҚазТрансОйл" АҚ бұған дейін 2022 жылдың 1 жартысындағы қаржылық нәтижелерді жариялаған. Деректерден компанияның жылдық кірісі мен табысының арасында айырмашылық бары байқалды. Stan.kz ақпарат агенттігінің сауалына жауап берген ұлттық оператор неліктен компанияның шоғырландырылған кірісі 0,3% төмендеп, ал таза табыс бірден 53% құлдырап кеткенін түсіндірді.

КазТрансОйл

"ҚазТрансОйл" АҚ таратқан мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған кірісі 116 млрд 456,7 млн теңге, бұл 2021 жылдың 1 жартыжылдығына арналған көрсеткіштен 0,3%-ға төмен. Ал 2022 жылдағы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның шоғырландырылған таза пайдасы 15 млрд 826,97 млн теңгені құраған, ал бұл 2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы нәтижемен салыстырғанда 53%-ға төмен.

Stan.kz хатына жауап берген "ҚазТрансОйл" 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шоғырландырылған түсімі 2021 жылдың ұқсас көрсеткішінен 0,3% - ға төмен болуын қалыптасқан геосаяси жағдаймен байланыстырды.

"Мұндай көрсеткіш мұнай тапсыру көлемінің төмендеуіне, оның ішінде қалыптасқан геосаяси жағдаймен, сондай-ақ мұнай өндірудің табиғи төмендеуімен байланысты болды", - делінген жауапта.

Ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда көрсеткішінің 2021 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 53% - ға төмендеуі негізінен "ҚазТрансОйл" АҚ компаниялар тобы өндірістік персоналының жалақысын индекстеуге және еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге байланысты өзіндік құнның өсуіне байланысты болғаны айтылған. 

"Бұдан басқа, өзіндік құнның ұлғаюына сатып алынатын тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтердің өсуі әсер етті", - дейді "ҚазТрансОйл" АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша жеке түсім 95 млрд 840,3 млн теңгені құраған, бұл 2021 жылдың 1 жартыжылдығына арналған көрсеткіш бойынша 9,8%-ға төмен. Ал 2022 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ таза пайдасы 9 млрд 463,1 млн теңгені құраған, бұл 2021 жылдың 1 жартысы бойынша 64,9%-ға төмен.

Талқылау