"Қазпочтаға" жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ басқармасының шешімімен Алпысбаев Қанат Қалиұлы «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мемлекеттік қордың баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұған дейін Қанат Алпысбаев «Самұрық-Қазына» қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған, 2008 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алматы теміржол инженерлері институтын бітірген.
Бұған дейін «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған Сәкен Сәрсенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды?
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі