Қазнетте маскадағы құрттар туралы жаңа хабарлама тарап жатыр
Қазнетте медициналық маскалардағы моргеллон құрттары туралы хабарламалар көп. Кейбір пайдаланушылар жұмбақ тіршілік иелері денсаулыққа қалпына келмейтін зиян келтіруі мүмкін және олармен күресу керек деп санайды. Желіде мұны қалай жасау керектігі туралы ұсыныстар бар, бірақ сипатталған әдістер көмектеспес бұрын, зиян келтіруі ықтимал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

-
Шымкенттік шенеуніктер тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне бетперде тағып қойған
-
Қазақстандықтар бір-біріне "келесі пандемияның сценарийін" таратып жатыр
"Бірақ мұндай "ем" денсаулыққа көмектесуден гөрі зиянын тигізуі мүмкін. Сутегінің асқын тотығын мүлдем ішуге болмайды. Бұл өлімге әкелуі мүмкін. Заттың 3 мл өлімге апаруы ықтимал деп саналады. Сутектің асқын тотығы шырышты қабықтарға түсіп, сілтілердің әсерінен болған күйіктерге ұқсас деструктивті өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Оның үстіне, моргеллондардың әсерінен "емделудің" қажеті жоқ, өйткені бұл құрттардың болуы, сондай-ақ олар тудыруы мүмкін аурулар дәлелденбеген", - деді басылымда.
Бұл дерт аурулардың халықаралық жіктеуішіне енгізілмеген, өйткені көптеген ғалымдардың пікірінше, моргеллон ауруы – бұл галлюцинация және дерматоз сандырақ деп аталатын психиатриялық аурудың немесе басқа психикалық бұзылыстың белгісі.
Қорыта айтқанда, моргеллондарды емдеу туралы кеңестерге сенбеу керек. Сутегінің асқын тотығын қолдану қауіпті, ал Моргеллон ауруының бар екендігіне дәлелдер жоқ.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
