Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер адамдар коронавирустың әлдеқайда асқынған түрімен ауырып жатқанын айтты

Коронавирус жұқтырғандар жазға қарағанда әлдеқайда ауыр формамен ауыруда. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 29 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр, оның үшеуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл стационарлық науқастардың жалпы санының 11 пайызын құрайды.

"Салыстырмалы түрде 2020 жылдың шілде айында, CVI аурушаңдығының ең жоғары деңгейінде, қарқынды терапия бөлімшелеріндегі науқастардың үлесі төрт пайызды құрады. Қазір олардың саны үш есе көп. Бұл факт аурудың агрессивті түрде дамып жатқанын көрсетеді. Коронавирус пен суық тиюдің қатар дамуына байланысты да осындай жағдай орын алуы мүмкін. Бірақ қазір диагнозды растау қиын болып жатыр. Өйткені науқастар ауруханаға аурулары әбден асқынған кезде жүгінеді", - деді Жанар Мадеева.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы соңғы дерек бойынша, 36 науқастың көз жұмғанын айтты.

"Мен қайтыс болған 36 науқастың тек сегіз адамы немесе 22 пайызы қалалық ауруханаларға аурудың жетінші күнінде бірақ келгенін атап өткім келеді. Қалғандары ауруды асқындырып алған. Олар коронавирус жұқтырғанына 10 күннен асқан кезде ғана маман көмегіне жүгінген", - деп сөзін аяқтады Жанар Мадеева.

Талқылау