Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ері жоқ әйелге виза берілмейді: Қажылыққа барудың қандай шарттары бар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары наиб мүфти Наурызбай Өтпенов қажылық сапарға бару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

қажылықСурет: nur-kazakhstan.kz

"Биыл Қазақстаннан қажылыққа 3200 адам аттанғалы жатыр. Оларға қолдау көрсету үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан арнайы миссия құрылды. Қажылық сапарға аттанатындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 500-ге жуық мешітте арнайы семинарлар ұйымдастырылды", - деді мүфти.

Басқарма өкілі қажылық кімге парыз екенін айтты.

"Алла Тағала қасиетті Құранда "Кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын" деген. Жағдайы бар адам өмірінде бір рет баруы қажет. Одан кейін де тағы бара беруіне болады. Қажылыққа бару үшін кейбір кездері адамдар бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды. Жағдайы келген адам қажылыққа баруы керек. Қажылық дегеніміз - құлшылық. Ол барып демалатын орын емес, болмаса ел көріп келетін жағдай емес. Қажылыққа барып келіп, бір дәрежеге көтерілетін бұл мансап емес. Осыны білген жөн", - деді Өтпенов.

Ол қажылық кезінде азаматтардың қауіпсіздігіне оларды апаратын 18 фирма жауап беретінін айтты. Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Қазақстанның келісімі бойынша қауіпсіздік шараларының барлығы қарастырылған.


Тағы оқыңыз >>> Қытайда мешіттерді бұзып жатқанының тағы бір дәлелі көрсетілді

Оның сөзінше, Түркістан облысы қажылыққа бару бойынша көш бастап тұр. 

"Балиғат жасына толғаннан бастап денсаулығы жараса қажылыққа баруына шектеу жоқ. Үлкен кісілерге қатты дерті болса, дәрігерге қаралып, жазылғаннан кейін барғаны дұрыс дейміз. Көбінесе 30 бен 50 жас шамасындағы кісілер қажылыққа барады",  - деді мүфти.

Мүфтидің сөзінше, әйелдерге жанында ер адам болғанда ғана виза беріледі. 

"Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Оны алу үшін ең бірінші шарт, мұсылман болуы керек. Әйелдер жалғыз баратын болса, оларға бермейді. Олардың жанында бірге жүретін ер кісі болуы керек", - деп айтты ол.

Естеріңізге сала кетсек, қажылық маусымының биыл қашан басталатыны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау