Қазандағы атыс: 6 оқушы аса ауыр жағдайда жатыр
Қазан мектебінде оқ атқаннан кейін алты баланың жағдайы өте ауыр, операциялар жасалуда. Бұл туралы Татарстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Татарстанның балалар республикалық клиникалық ауруханасына мектепте атыс кезінде зардап шеккен 18 бала түскен.
"КДРКБ - дан жаңартылған мәліметтер: барлығы 18 бала келіп түсті, оның 6-ы өте ауыр жағдайда. Операция жүріп жатыр, қалғандары түрлі жарақат алып, аяқ-қолы сынып, көгергендерге дәрігерлер қарап жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең Қазандағы мектепте белгісіз адамдар оқ жаудырып, жарылыс болды. Оқ атқан жасөспірім ұсталды.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер