"Қазақтелеком" басшысы Қуанышбек Есекеев ұсталды ма: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауап берді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов "Қазақтелеком"АҚ ұлттық байланыс операторының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды.
Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі офшорлық фирмалар арқылы "Қазақтелекомның" 24% акциясына иелік ететін Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Әлеуметтік желіде "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Қуанышбек Есекеев "Қазақтелекомды" 2010 жылдың 15 наурызынан бері басқарып келеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған