Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтелеком" Абай облысының алты ауылында интернет жылдамдығын арттырды

Еліміздегі ең ірі байланыс операторы соңғы бір жылда телекоммуникация желілерін қайта құру жобасы аясында жаңадан құрылған Абай облысы Аягөз ауданындағы алты ауылдың тұрғындарына бірден радиокөпір технологиясы арқылы жаңа цифрлық мүмкіндіктер сыйлады.

Казахтелеком АбайРадиокөпір - техникалық немесе экономикалық себептерге байланысты оптика тарту көп шығынды қажет еткен жағдайда, өзін-өзі ақтамайтын немесе техникалық мүмкіндігі жоқ өңірлерде тұрақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жедел шешім. Сонымен қатар, инсталляциялау жұмыстары қысқа мерзімде, яғни 5 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

Өткен жылы Абай облысында мұндай радиокөпірлер Бидайық, Қорық, Қосағаш, Өркен, Байқошқар және Мәдениет ауылдарында салынды. Желі салалық антенналардың көмегімен ұйымдастырылған: яғни, сигнал жіберетін негізгі мачта не ауылдағы ең биік ғимараттың төбесінде, не табиғи төбеде, ал сигналды қабылдайтын шағын өлшемді антенналар шатырда немесе үйлердің қабырғасына қойылады. Қабылдаушы антеннадан өткен сигнал үй ішіндегі гаджеттерге сигнал тарататын маршрутизаторға беріледі: осылайша 5 километрге дейінгі радиуста айналмалы қамту қамтамасыз етіледі.

"Біздің компанияда қызмет көрсету сапасы мен пайдаланудың қарапайымдылығы тұтынушылардың көңілінен шығуына басты басымдық беріледі және оның негізі сенімді инфрақұрылым және оны уақтылы жаңғырту болып саналады. Абай облысының алты ауылында 280-нен астам тұтынушы цифрлық қызметтердің алуан түрлілігін атап өтіп, жақсы жылдамдықтағы жаңартылған интернетті таңдады", - дейді Бөлшек бизнес дивизионының шығыс өңірі В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов.

Ерлан Исанов

“Қазақтелеком” АҚ Бөлшек бизнес дивизионының шығыс өңірі В2С сегментінің коммерциялық директоры Ерлан Исанов

Бұл елді мекендерде "радиокөпірлер" іске қосылғаннан кейін бірқатар АТС пен CDMA-450 базалық станциясы бірте-бірте тоқтатылды. CDMA технологиясын Қазақтелеком 2008-2013 жылдары бүкіл республика бойынша ауылдарды телефондандыру және интернетке қосу үшін кеңінен қолданды, бірақ қазір ол жаңа технологиялармен алмастырылуда, оған бұрынғы жабдық техникалық себептерге байланысты қолжетімділікті қамтамасыз ете алмады.

"Желіні қайта құру, ең алдымен, компания клиенттері үшін қолда бар қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ бұрынғы инфрақұрылымда қолжетімсіз жаңа цифрлық сервистерді алуға бағытталған. CDMA-450 негізіндегі деректерді берудің сымсыз технологиясы ауыл тұрғындарының жоғары жылдамдықты интернет қызметтеріне деген  қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Ағымдағы жылы желілік инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі жұмыс бүкіл республика бойынша кеңейтіледі. Телекоммуникация операторы радиокөпір технологияларын орната отырып "ескірген" жабдықты және жедел-іздестіру іс-шараларының функцияларын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар жүйесін қолдамайтын АТС-ты пайдаланудан шығарды" - дейді, "Желі" дивизионы" бірлестігінің Қатынау желісі жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов.

Байланыс операторы ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да өз желілерін ауқымды жаңғыртуды жүзеге асырып келеді. Мыс желілерінен талшықты-оптикалық желілерге көшу бастамасы бірнеше жылға есептелген, қайта құру "Қазақтелекомның" жеке қаражаты есебінен жүргізілуде. Кәсіпорын өзінің негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде бүгінде 87 мың шақырымнан асатын "оптиканың" ұзындығын ұлғайту арқылы қолданыстағы 54 мың шақырымға жуық мыс желілерін қайта құру деп санайды.

Өткен жылы Курчатов Қазақстандағы мыс технологияларын қолданудан мүлде бас тартқан алғашқы моноқала болды. Абай облысындағы осы елді мекенді назарға алып, республикадағы ірі байланыс операторының басшылығы бұл бастаманы еліміздің басқа өңірлерінде де кеңейтуді ұйғарды. Жақын арада осындай технологиялық жобаларды "Қазақтелеком" АҚ Түркістан, Степногорск, Хромтау, Ақсай, Ақтау, Жаңаөзен және Ақсу қалаларында да жүзеге асырмақ.

STAN.KZ
Жұма, 24 Ақпан, 2023 16:59
Талқылау