"Қазақтарды шақырғыңыз келе ме": Ресей Курск облысындағы қақтығысқа байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрамайтынын жеткізді
Ресей Курск облысындағы жағдайға байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрамайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Газета.Ru" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: РИА Новости
Мемлекеттік думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулин көмек сұраудың орынсыз екенін алға тартты.
"Жоқ, болмайды. ҰҚШҰ-дағы басты ел болып табылатын Ресей өз аумағы үшін біреуден көмек сұраса, бұл таңқаларлық жағдай болар еді. Курск облысы үшін Ресейге көмекке кімді тартқыңыз келеді? Қазақтарды шақырғыңыз келе ме, әлде армяндарды ма? Кімдерді? Ақылға қонбайтын сұрақ қоймаңыз", – деді Затулин.
Еске салсақ, Украина 6 тамыз күні Ресейдің Курск облысына басып кірді. Қазір онда үш күннен бері әскери қақтығыстар болып жатыр.
Әйел 20 мың теңгені ұсақтау үшін 2 500 теңге комиссия ұстаған қазақстандық банкке шағымданды
Бұл жағдай желіде де қызу талқыға түсті
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады