Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды

Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы айқастары белгілі болды.

7

Бұл туралы Қазақстан кәсіби боксы жобасының Фейсбуктегі парақшасыда жария болды.

8 шілдеде Қазақстан боксшысы Ержан Залилов кәсіби рингтегі жекпе жегін Испанияның Бильбао қаласында өткізеді. Ол 17 наурызда Ресейде өткен жекпе-жекте Өзбекстан боксшысы Хумоюн Рустамовты жеңген еді.

6

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегі 15 шілде күні АҚШ-тың Калифорния штаты, Инглвуд қаласында өтеді. Қарсыласының кім екені белгісіз. Бұл күні мексикалық Мигель Берчелт (31-1, 28КО) пен жапондық Такаши Миурой (31-3-2, 24КО) арасындағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына таласы басты айқас болмақ.

Аталған шоудың келесі жекпе-жегінде осы салмақтағы WBA (Super) чемпионы панамалық боксшы Джезриль Корралес (21-1, 8КО) белбеуін қорғау айқасында мексикалық Робинсон Кастелланосқа (24-12, 14КО) қарсы шығады.

5

Мейірім кәсіби рингте екі рет жеңген. Ол орта салмақ қатарында. Ал, Мұса Тұрғыналиев АҚШ-та лағаш рет кәсіби ринге шығады.

ISK_5554_новый-размер

Айдар Шәрібаев чемпиондық белдікке таласады. Ол әуесқой бокста 250 жекпе-жек өткізген. Кәсіби рингке ауысқанына 3 жыл болды. 6 айқасының бәрінде жеңді. Оның ішінде 5 қарсыласын нокаутпен құлатты. Ол Қанат Исламның спарринг-қарсыласы болып шетелдегі оқу-жаттығуларда бірге жүрді.

Айдар Шәрібаев ЭКСПО көрмесі кезінде чемпиондық белдіке таласып, жаттығу өткізу үшін АҚШ-қа кетеді. Оның да қарсыласының кім екені әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Головкин: Менің спорттан кететінім жайлы әйелімнен сұраңыздар

Ақтөбеде бір топ жігіт жаппай төбелесті (видео)

Теміртауда екі туысы бес жасар баланың көз алдында қаза болды

Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады

Талқылау