Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
3 тамызда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді, шаңды дауыл болады. 43 градус ыстық болады деп күтілуде. Өрт қаупі сақталуда. Қызылордада күндіз қатты 40-42 градус ыстық күтіледі.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерде 36 градус ыстық болады. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда күндіз 36 градус ыстық сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді.
Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан