Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей шекарасына қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанның өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда", - делінген комитеттің хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК Ресеймен шекарадағы ахуал бақылауда екенін айтқан болатын.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен