Қазақстанның қай қалаларында ұшақ қатынасы қайта іске қосылады?
Қазақстанда 11 мамырдан бастап жеті қала арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының шешіміне орай, тағы жеті қалада әуе қатынасы қайта жалғасады. Атап айтсақ, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз, Талдықорғанда ұшақтардың қозғалысына қойылған шектеу алынды. Сонымен қатар ұшаққа отырар кезде жолаушылардың коронавирусқа теріс сынама нәтижесі болу туралы шарттан бас тарттық", - дейді Тоғжанов.
Еске салайық, 11 мамырдан бастап елімізде ТЖ режимі аяқталған болатын.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"