Қазақстанның ішкі істер министрі Facebook парақшасын ашты
Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook парақшасын ашады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Құрметті Қазақстан халқы! Осы күннен бастап мен Facebook әлеуметтік желісінің сайтында өз парақшамды жүргіземін. Әлеуметтік желілер заманауи ақпараттар алуға және жедел кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Ал ішкі істер органдарының жұмысында маңызды деректерді қысқа мерзімде ұсыну және алу қажеттілік болып табылады", - деп жазды министр.
Ішкі істер министрлігінің басшысы оның парақшасы министрліктің түрлі мәселелері бойынша бүкіл қазақстандық қауымдастықпен байланыс орнатудың тиімді құралына айналадыдеген үмітін білдірді.
Тұрғымбаевтың аккаунты тұрғындармен тікелей диалог құру алаңына айналуға арналғанын мәлімдеді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”