Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші, әлемнің №42 ракеткасы Александр Бублик Ньюпорттағы турнирдің финалында жеңіліп қалды. Жарыстың жүлде қоры 600 мың долларға жуық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Чемпионат басылымына сілтеме жасап.

Бублик финалда америкалық Максим Крессиге қарсы ойнап, 6:2, 3:6, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді. Екінші сетті қазақстандық спортшы 3:0 есебімен жүргізіп, брейк-пойнт алған. Бублик 10 рет допты асыра беріп, 6 рет 2 еселік қателік жіберді. Сонымен қатар 3 рет брейк-пойнт жасаған.
Кресси 13 рет эйс алып, 13 рет 2 еселік қателік жіберген. Ойын 2 сағат 24 минутқа жалғасты.
Финалға дейін Бублик автралиялық Джэйсон Каблерді, британиялық Энди Маррейді, америкалық Джек Сокты жеңген.
25 жастағы Кресси Кәсіби теннисшілер ассоциациясының турнирінде жалғыз разрядта алғаш рет жеңімпаз атанған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

