Қазақстанның білім және ғылым министрінің орынбасары тұтқындалды
Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына қатысты 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартау шарасын санкциялады", - дейді елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?