Елімізде төрт министрліктің басшылары қайта тағайындалды
Қазақстанда төрт министр өз қызметінде қалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Нұржігітов, Арман Шаққалиев, Жұлдыз Сүлейменова және Ақмарал Әлназарова қазіргі лауазымдарына қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар министр қазіргі қызметтеріне қайта тағайындалды.
Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды. 2023 жылы 4 қыркүйектен бері осы қызметте.
Арман Абайұлы Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметінде қалды. Ол сауда ведомствосын 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бері басқарып келеді.
Ал Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Оқу-ағарту министрі лауазымына қайта тағайындалды. Былтыр 29 қыркүйектен бері осы қызметте.
Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметін сақтап қалды. 2024 жылдың 6 ақпанынан бастап осы лауазымда жүр.
Тиісті Жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?