Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да екі министр өз қызметінде қалды

министр
Фото: Коллаж Stan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да екі министрді өз қызметінде қалдырамын деп шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тағайындаулар туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, ал Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Ақкенженов туралы не белгілі?

Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. "Әділет" жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), "Астана" университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген. 2025 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде "Энергетикалық бизнесті басқару" мамандығы бойынша MBA бағдарламасы аясында кәсіби қайта даярлау туралы диплом алған.

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас маманы, Астана қ. (10.06.2002 – 05.06.2003);

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС бас менеджеры, Астана қ. (05.06.2003 – 01.10.2003);

"ҚазМұнайГаз" сауда үйі" ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (01.04.2004 – 21.06.2004);

"Chevron Texaco Global Trading "Қылыш" бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері, Ұлыбритания (01.07.2004 – 01.02.2006);

"KazMunaiGaz Singapore" директоры, Сингапур қ. (01.02.2006 – 01.06.2006);

"Қазмұнайгаз "Сауда Үйі" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (20.06.2006 – 20.03.2008);

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС коммерциялық директоры, Ақтөбе қ. (14.02.2008 – 19.01.2010);

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Астана қ. (06.09.2011-03.10.2011);

"ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг" АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (04.10.2011 – 04.03.2012);

"Rompetrol Bulgaria" Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария (13.06.2013 – 12.05.2014);

"KMG International (Rompetrol)" Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния (13.05.2014 – 31.05.2014);

"KMG International (Rompetrol)" Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния (01.06.2015 – 30.11.2015);

"KMG International (Rompetrol)" Бас директорының кеңесшісі, Румыния (01.12.2015 – 25.03.2016);

Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс (19.09.2016 – 18.03.2020);

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, Астана қ. (18.07.2022 – 20.06.2023);

ҚР Энергетика вице-министрі (21.06.2023 -18.03.2025ж).

2025 жылғы 19 наурыздан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.

Нағаспаев бұған дейін қандай қызмет атқарды?

1980 жылы 28 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келді.

"Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді (2001).

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарған.

Министрдің еңбек жолы Теміртау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманынан (2001-2002) басталды, ҚР Сыртқы істер министрлігінің атташесі, Инвестициялар комитетінің атташесі (2002-2003), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы (2003-2006) қызметін атқарған.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары (2006-2007), "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы (2007-2009), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Әкімшілік жұмыс, Мемлекеттік жұмыс, Мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары (2009) болған. ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі (04.11.2009), Қарағанды қаласы Қазабек би атындағы аудан әкімінің орынбасары (12.2009-12.2010), Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі (12.2010-01.2011), Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі (01.2011-01.2013) лауазымдарын атқарған. Астана қаласы әкімінің орынбасары (01.2013-11.2014), "Астана" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы (12.2014-2016), "Новострой Астана" ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары (2016-2020), "ҚТЖ" ҰК" АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры (04.2021-01.2022) болып жұмыс істеген.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 11:50