Қазақстанда карантин шаралары жеңілдеді: Бас санитар дәрігердің қаулысы жарияланды
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжат денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтану қызметіне рұқсат етілді.
Сонымен қатар, "жасыл" аймақтағы өңірлерде орналасқан мешіттерде (бес уақыт), жамағатпен бірге намаз оқуға болады. Бірақ 30%-дан аспайтын көлемде адам саны 100 адамнан аспау керек.
Жұма намазды тек ауылдық жерлерде 150 адамға дейін 25% -дан аспайтын адам көлемінде мешіттерде оқуға рұқсат етіледі.
Қазақстанға шетелден әуерейстермен келетін адамдарға, оның ішінде 5 жасқа дейінгі балаларға; ҚР-дың үкіметтік делегацияларын, авиакомпаниялар экипаждарына ПТР-тестсіз келуге рұқсат етілген.
Басқалары мемлекет шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген анықтаманы ұсынуға міндетті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"