Қазақстаннан Мәскеуге ұшып барған модельдің 1000 доллары қолды болды
Қазақстаннан Мәскеуге ұшып барған ресейлік модель полицейлерге чемоданынан 1000 доллар ұрланғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 25 жастағы ресейлік қыз Астанада түсірілімге қатысып қаламақы алған. Мәскеуге қайта келіп, Шереметьево әуежайынан түсіп жүгін алған кезде чемоданның құлпы жұлынғанын білген. Полиция қызметкерлері күдіктіні іздеуге кірісті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған