Қазақстанға Біріккен күрес әлемі президенті Ненад Лалович келді
Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ненад Лаловичті арнайы Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев және Күрес түрлері федерциясының президенті Дәулет Тұрлыханов күтіп алды.
Күрес әлемі президенті елімізге сапары барысында елордадағы бірнеше спорттық ареналарды араламақ. Атап айтсақ, Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын өз көзімен көрмек.
Сонымен қатар Лаловичке Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен таныстыру жоспарланған.
Іссапар барысында Біріккен күрес әлемі президенті Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен кездеседі.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

