Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Қазақ халқында балаға ат қою дәстүріне ерекше мән береді. Өйткені халық арасында адамның есімі оның тағдырына әсер етеді деген пікір қалыптасқан. Мұны ескерген қазақстандық танымал жұлдыздар өздерінің тұла бойы тұңғыштары мен ертеңін жалғар перзенттеріне ерекше есім беруге тырысады.

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер

Stan.kz  қазақ эстрада жұлдыздары балаларының ерекше есімдері мен олардың қандай мағына білдіретінін назарларыңызға ұсынады.

Айдана Меденова

Әнші тұңғышын есімін “Әмина” деп қойған. Бұл есімді жолдасының өзі таңдаған екен.

Аталған есімнің “Әминат”, “Әмиша”, “Әмуна”, “Мина” сынды бірнеше синонимі бар. Әр елде түрліше айтылғанымен мағынасы бір. Мұхамед пайғамбардың анасының есімі болғандықтан, көпшілік Әминаға тән қасиеттер болашақ сәбилерінің бойында болсын деген ниетпен қояды. Оны араб халқы “адал”, “сабырлы”, “қауіпсіз жердегі” деген үш мағынада түсіндіреді. Мұнымен қатар, ол кей халықта “Эмине”, “Эмина” деп айтылады.

2

Айқын Төлепберген

Сахналық әріптесі Бағлан Әбдрайымов секілді Айқын Төлепберген де қызына әнінің атын қойған. Ол жуырда дүниеге келген баласына Асылым деп ат қойған. Ал үлкен ұлының есімі – Аңсар.

“Аңсар” мен “Асылым” – қазақ тіліндегі есімдер. Алғашқысы бір нәрсеге деген құштарлықты білдірсе, екіншісі бір адамның өзіне қымбат екенін білдіреді. Әдетте Аңсар деген есімді көптен бері балалы болуды армандап, бұл армандарына әйтеуір дегенде қол жеткізген жандар қояды.

4

Динара Қырықбаева

Әнші сүйіктісімен ақылдаса келе, баласының тағдырына ауырлық түсірмейтін, бірақ қарапайым есім таңдауды жөн көрген. Нәтижесінде жолдасының үлкен атасы немересіне Айша есімін қойған. Динара Қырықбаева өзі аппақ, кірпігі ұзын сәбиіне бұл есімнің жараса кететінін айтады.

Айша – Мұхаммед пайғамбардың үшінші әйелінің есімі болғандықтан, мұсылмандар оны балаларына жиі қойып жатады. Ол “Аиша” деп, “Айша” деп те жазылады. Кей елдерде “Ойша” деп айтылады. “Өмір”, “өмірге құштар”, “тіршілік иесі” деген мағынаны білдіреді. Мұнымен қатар, бұл есім соңғы кезде АҚШ территориясында туылған балаларға жиі қойылатын болған.

5

Әсем Жакетаева

Актриса қаңтар айының соңында алғашқы перзентін дүниеге әкелген болатын. Әсем сәбиге есімді отбасы болып таңдағанын айтады. Ол “Whatsapp” желісінде топ ашып, туған-туысқандарымен ақылдасқан. Соңында бес нұсқаның ішінен Айсана есімін таңдаған.

“Айсана”  да  – мұсылмандар арасында жиі кездесетін есім. Ол екі түбір сөзден құралған. “Ай” – сұлулық пен адалдықтың символы. “Сана” – “мадақ”, “тазалық”, “ұлылық” деген мағынада қолданылады.

6

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова 2013 жылы екінші рет отау құрған болатын. Ол бүгінде сүйіктісімен бірге Әнуар есімді бір ұл тәрбиелеп отыр.

Бұл да араб және қазақ халықтарының арасында кеңінен танылған есім. Ол араб тілінен аударғанда “шапағат”, “күннің нұры” деген мағынаны білдіреді. Әдетте ата-ана сәбилеріне мұндай есімді жарық жұлдыз немесе тұлға болсын деген ниетпен қояды екен.

7

Сәкен Майғазиев

14 қаңтарда қызды болған Майғазиевтың қуанышын барша Қазақстан бөліскен болатын. Ол өзінің инстаграм парақшасында желі қолданушыларынан есім таңдасуға көмек сұраған. 7 000-нан астам есімнің ішінен Мәриямды құп көрген. Мұнымен қатар, Сәкен мен Динараның Әділет пен Раяна есімді қызы бар.

“Раяна” – араб тілінен аударғанда “құнарлы”, “жемісті” деген мағынаны білдіреді. Оны әдетте сәби өмірге құштар жан болсын деген ниетпен қояды. Ал әділет қазақ тіліндегі сөз. Яғни өзіне де, өзге ге адал болсын деген ниетпен қойылады.

9

Лидо Досалина

Әншінің балаларының есімі өте ерекше. Ол тұңғышын АҚШ мемлекетінде босанып, оған Риана деген ат қойған. Лидо қазақшалап Райхан деп атауға болатынын айтады. Ал екінші ұлын Рахмен деп атаған.

Риана есімінің пайда болуы туралы бірнеше нұсқа бар. Бірде “Жаратқанның сыйға тартқан жаны” деген мағынаны білдірсе, енді біреулер Қасиетте Грааль туралы аңыздағы әйел құдайының аты екенін айтады. Оны кельт тілінен аударған кезде “патшайым” деген мағынаны білдіреді екен. Әйел құдай жерге иелік етуге дайын ер азаматтарды өзі таңдап, оларды өзіне үйлендіретін болған. Қазақ тілінде бұл сөздің аудармасы “қызыл”, “алқызыл” сынды мағынаны білдіреді. Ал “Рахмен” сөзі араб тілінен “рақым”, “мейірім” деп аударылады. Құран сүрелерінде жиі кездеседі.

11

Бүркіт

Сүйіктісінің соңынан жүгірген әнші бұл жолы сыйлықты жарынан алды. Айша оған маңдай торсықтай тағы бір ұл сыйлады. Бірінші ұлдарының есімі – Зейін. Екіншісін дәстүрге сай Бүркіттің атасы қойып, сәбиді Омар деп атауды жөн көрген. Бірінші ұлы дүниеге келгенде Бүркіт Айшаға джип көлігін сыйлаған екен. Екіншісі үшін тіпті темекіден бас тартқан көрінеді.

“Зейін” – қазақ және араб тілдерінде кеңінен қолданылатын сөз. Ол “зеректік”, “ой”, “сана” сынды мағыналарда жұмсалады. Ал “Омар” – қазақ және татар ұлттарында жиі кездесетін мұсылмандық есім. Ол араб тілінен аударған кезде “өмір”, “өмірге құштарлық”, “адамның ғұмыры” деген мағынаны білдіреді. Басқа тілдерде Умар, Гумер, Умаркай, Кумар деп те айтылады.

0000

Нұржан Керменбаев

Алғаш рет әке атанған Нұржан Керменбаев баласына Мүслім деп ат қойған. Бұл есімді әншінің анасы таңдаған екен. Ол араб тілінен аударғанда “мұсылман” деген мағынаны білдіреді. Бірінші рет әже атанған анасы да, әншінің өзі де қуаныштарын жасыра алар емес.

Араб тілінен шыққан “Мүслім” есімі аударғанда “ислам дінін ұстанушы, мұсылман”, “Алланың құлы” деген мағынаны білдіреді. Мұнымен қатар, бұл есімді қыздарға қоюға болады. Әдетте “Мүслима” деп соңына “а” әрібі қосылады. Дағыстанда “Мүслимат” атты тағы бір нұсқасы кеңінен танымал.

00 kaz

Индира Расылхан

2012 жылы халық арасында Раяна есімі кеңінен танымал болды. Әнші Индира Расылхан қызының есімін осылай қойған болатын.

“Раяна” – араб тілінен аударғанда “құнарлы”, “жемісті” деген мағынаны білдіреді. Оны әдетте сәби өмірге құштар жан болсын деген ниетпен қояды. Ал әділет қазақ тіліндегі сөз. Яғни өзіне де, өзге ге адал болсын деген ниетпен қойылады.

Yj4iX-xkRQY

Бағлан Әбдрайымов

Әнші Бағлан Әбдрайымов тұңғыш қызының есімін Айқаракөз деп өзі қойған. Ол ертең қызы өскен соң “Әкемнің дәл осындай әні бар деп айтып жүреді” дейді.

Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе? >>>

“Айқаракөз” – Жігітер тобының репертуарына енген ән. Ол “ай” және “қара” деген екі түбірден құралған. Алғашқысы аспандағы айды білдіріп, тазалықтың символына айналса, екіншісі түстің атауын білдіреді. Ол – Мұхтар Әуезовтың трагедиялық шығармасының атауы. Көбісі бұл есімді осы туындымен байланыстырып, оны қоймауды жөн көреді. Қыздарының тағдыры дәл кейіпкердікіндей ауыр болады деп ойлайды.

12

Бейбіт Қорған

Бүгінде Бейбіт Қорған бір ұл мен бір қыздың әкесі. Тұңғышының атын атасы Бексұлтан деп қойған. Ал қызына Балзия есімі бұйырған. Әншінің отбасында барлығының есімдері “Б” әрібінен басталады екен.

Бексұлтан есімі екі түбір сөзден құралған. “Бек” сөзі түркі тілінен аударғанда “билік етуші”, “патша” сынды мағынаны білдіреді. Түріктің “эмир” сөзіне синоним ретінде қолданылады. Ал “сұлтан” сөзі араб тілінен шыққан. Ол аудармасында “билік етуші” деген мағынаны білдіреді.

“Балзия” есімі екі түбір сөзден құралған. “Бал” “тәтті” деген мағынады, ал “зия” “жарық” деген мағынада қолданылады. Әдетте ата-аналары балаларының ерке болып өсуін қалаған кезде осылай қояды.

image

Ерболат Бедалхан

Қазақ шоу бизнесіне жаңалық әкелемін деп басы дауға қалған Беделханның “Мейірлен” атты қызы бар.

“Мейірлен” ерекше есімі бұйрық рай формысында жасалған. Алғашқы бөлігі “мейірім”, “шапағат” сынды мағынаны білдіреді.

13

Салтанат Бақаева

Салтанат Бақаева алғашқы перзенті дүниеге келген кезде бір аптадай есім таңдай алмай жүрген екен. Ақырында тұңғышының есімін Әмір деп қоюды жөн көрген. Ол араб тілінен аударғанда “ханзада” деген мағынаны білдіреді.

“Әмір” (Эмир) – араб тілінен аударғанда “ханзада”, “басшы”, “билік етуші” деген мағынаны білдіреді. Мұсылмандар мен Израил мемлекетінде кеңінен танымал.

00000

Тұрсынбек Қабатов

Жұртты күлкіге қарқ қылған әзілқой бүгінде үш баланың әкесі. Қыздары – Айым мен Әдемі. Ал кенжесі – Нәріман.

“Айым” есімі “ай” зат есіміне “ым” тәуелдік жалғауының бірінші жағының қосылуы арқылы жасалған. Меншіктіктеу және еркелету мағынасында осылай айтылады. “Әдемі” – сұлулықтың синонимі. Ал “Нәріман” – перғауындық есім. Аудармасында “сұлу денелі”, “рухы мықты”, “ешнәрседен қорықпайтын” деген мағынаны білдіреді. Мұнымен қатар, “Нәріман” есімі қыздарға да қойылады.

b2fb0f9dc9b756971dee60f6adae75b69ffd9f50

Қарлығаш Мұхамеджанова

Отбасылық өмірін жария ете бермейтін Қарлығаш Мұхамеджанова қызды болған-ды. Ол отбасымен ақылдаса келе қызын Ажар деп атауды жөн көрген.

Топонимикалық зерттеулерге сүйенсек, “Ажар” есімін бұрынғы кезде жігіттерге қоятын болған. Ол ана тілімізде “адамның жүзі”, “беті”, “көркі” сынды мағыналарда жұмсалады. Аталған сөздердің синонимдері десек те болады.

o7K7Dl5P6omQ6TEjAaa25ORP2shVp4

Берік Айтжанов

Күні кеше ұлы сыныптасын Бақытжанды жақсы көремін деп таң қалдырған Айтжановтың үш баласы бар. Олар – Тауасар, Айзере, Хантөре. Кенже ұлының есімін актердің әкесі қойған екен.

“Тауасар” – зет есім мен етістіктің қосылуынан жасалған.  Араб және қазақ тілдерінде бірдей мағынаны білдіреді. “Айзере” – негізінен қазақ халқында жиі кездесетін есім. “Ай” сөзінің мағынасы түсінікті, ал “зере” сөзі иран тілінен аударғанда “алтын” деген мағынаны білдіреді.

14

Мейрамбек Беспаев

МұзАрт тобының солисі Мейрамбек Беспаев тұңғышына “Кәусар” атты есім берген. Ал ұлына Әбухайыр деп ат қойған.

“Кәусар” сөзі Қасиетті Құран Кәрімнің 108 –сүресінің, 1-аятында кездеседі. Ғалымдар көпжылдық зерттеуден кейін жұмақтағы бұлақтың дәл осылай аталатынын айтқан. Мұнымен қатар, ол байлық пен мейірімділіктің символы.

15

Әсел Сағатова

Сәнбике әрі актриса 2014 жылы дүниеге ұл алып келген болатын. Тұңғышының есімін Алдияр деуді жөн көрген екен.

Алдияр – қазақтар мен арабтарда жиі қойылатын есім. Ол араб тілінен аударған кезде құданың досы немесе қосағы деген мағынаны білдіреді. Ал қазақ тілінде оны хандарға арналған қаратпа сөз ретінде қолданған.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

 

Талқылау