Қазақстандық Макгрегор кәсіби рингке шығуға бел буды
Қазақстандық видеоблогер Ислам Бадугуров бұған дейін өз пранктерінде ирландиялық боксшы Конор Макгрегордың рөлін сомдаған еді. Енді орал аралас стильдегі жекпе-жекте өнер көрсетуге бел буды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы блогердің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Бадугуров Дублинде жаттуыға кірісіп кеткен. Ол өз кумирімен бір залда жаттығатын көрінеді. Сондай-ақ боксшыға Макгрегордың жаттықтырушысы жон Кавана көмектеседі екен.
«Әр жаттығу маған жаңа серпін береді және оңайға тиіп жатыр. Кеше SBG залында күрес бойынша бір жарым сағатқа созылған жаттығу өте ауыр болғанымен, бір демде өміп кеткендей болды. Оған мені ММА-ға шығып, өзімді сынап көруге ынталандырған адам себеп болды. Яғни, өмір тарихы мені алға жылжуға күш берген адам», – деп жазды Бадугуров.
Сондай-ақ блогер өз күшін кәсіби спортта байқап көруге мүмкіндік берген Макгрегорға алғыс білдірді. Бадугуровтың сөзінше, өзі сомдаған ирландиялық боксшының рөлі оны жеңіске ыгталандырады екен.
Айта кетсек, Ислам Бадургов Лос-Анджелес және Нью-Йорк қалаларында екі рет қойылым ұйымдастырып, Макгрегордың рөлін сомдаған еді. Блогердің сөзінше, екінші пранк үшін 20 мың АҚШ долларын жұмсаған.
Оқи отырыңыз:
Головкин-«Канело» қарымта кездесуіне арналған трейлер жарияланды (видео)
Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды
Егіздердің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады (фото)
Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген