Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық келіншек өз еркімен күйеуіне тоқал іздеп жүр

Қазақстандық келіншек бірнеше жылдан бері бала сүйе алмағандықтан, күйеуіне ортақ шешіммен екінші әйел іздеп жүр екен. Осыған орай, ол тоқал болуға келісімін берген жандардан өзіне хабарласуларын өтінді.

svobodnye-otnosheniya-03

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

Қайын жұртына немере сыйлай алмаған келіншек күйеуіне екінші әйел іздеп жүр. Айтуынша, бұл шешімді ақылдаса отырып қабылдаған.

“Менің мәселем көп адамға таңсық екенін білемін. Бірақ, амалсыз осындай қадамға баруға мәжбүр болып отырмын. Күйеуге шықсам да, шаңырағымызда сәбидің үні естілмегелі бірнеше жыл болды. Алладан үмітімізді үзгіміз келмей ұзақ күттік. Бала асырап алуға күйеуім келіспей отыр. Ортақ шешім арқылы күйеуіме екінші әйел алу мәселесін қарап отырмыз. Шынымды айтсам, екінші әйелге қатысты ақыл-кеңестеріңіз қажет емес. Мен әлдеқашан шешім қабылдап қойғанмын. Тек екінші әйел болуға келісетін жандар ойын бөліссе екен деймін. Басқа артық әңгіме қажет емес. Кездесіп, сөйлесіп, ойлануға уақыт бөлгіміз келеді”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен бала күнінде зорланғанын бірнеше жылдан кейін ғана түсінген

34 жастағы келіншек алғашқы махаббатын сағынып күйеуін тастап кеткен

Бойжеткен маскүнем әкесінен көрген қорлығы туралы айтып жылады

35 жастағы әйел өзінің отырып қалғанына төркіншіл анасын айыптады

Талқылау