Қазақстандық әнші "Жаңа толқын" байқауының эфирінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Халықаралық “Жаңа толқын” байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Рүстем Жүгінісов жабылу салтанаты кезінде өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасады.
“Қазір залда отырған өзімнің қызыма алғысым шексіз. Мен бұған дайындалған жоқпын”, – деген әнші залға қарай келіп, қыздың алдына тізерлеп өтіп, әуелі қазақша сосын орысша өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Қыз келісімін берген. Содан кейін Рүстем сүйіктісіне сақина салған соң зал қошемет білдіріп, жастарға қолдау көрсетті.
“Жаңа толқында” бұрын мұндай болған емес. Бұл сәт сіздердің естеріңізде өмір бойы қалады”, – деді жүргізуші Лера Кудрявцева.
Конкурс қорытындысы бойынша Рүстем Жүгінісов көрермен көзайымы марапатын алды. Ал байқау жеңімпазы болып үш елдің өкілдері танылды. Олар – DoReDos тобы (Молдова), Сардор Милано (Өзбекстан), Эрна Мир (Армения). Екінші орынға армениялық әнші Сюзанна Мелконян жайғасса, үшінші орынды вьетнамдық Лила алды.
Оқи отырыңыз:
“Кардашьян маза бермеді”: Мақпал Исабекова тағы да стилін өзгертті
“Алматы аруы-2017” атағын жеңіп алған сұлу жайлы не білеміз (фото)
Қайрат Нұртас “Арман” фильмінің трейлерін жариялады (видео)
Қыдырәлі Болманов Голливудтағы күндерін сағынышпен еске алды (видео)