Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі мен техпаспортсыз жүруге рұқсат беріледі: Мәжіліс заңды мақұлдады

Мәжіліс депутаттары жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат жүргізушілерді өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен автокөлік техпаспортын алып жүруден босатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция

Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің сөзінше, заң жобасы ел президенті жүргізушілерге Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі мен көлікке тіркеу құжаттарының болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастау туралы нұсқау бергеннен кейін пайда болды.

"Аталған құжаттар ішкі істер органдарының деректер базасында бар және қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері базаға қосылып, олардың бар-жоғын тексере алады. Айта кету керек, осы жылдың он айында аталған құқық бұзушылық үшін 150 мың жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді мәжілісмен.

Түзетулер шетелдік жүргізушілер мен көліктерге қолданылмайды.

Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев карантиндік шектеулер кезеңінде полицейлер жүйені сынақтан өткізіп, жүргізуші мен автокөлік туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәліктері бойынша алғанын атап өтті.

Қожаев интернетке кіру мүмкіндігі жоқ жерлерде полиция қызметкерлері рация бойынша бірыңғай орталықтан жүргізуші туралы ақпарат сұрайтынын және екі минут ішінде қажетті деректерді алатынын айтты.

Бұдан басқа, заң жобасы шағын мобильді электр көлік құралдарының құқықтық мәртебесін айқындайды, оларға скутер, гироскутер, электросамокат, моноколесо жатады.

Заң жобасы "жеке мобильділік құралы (шағын электр көлік құралы)" ұғымын айқындайды. Оларды пайдалану тәртібі де реттеледі. Тиісті өзгерістер "Жол жүрісі туралы" заңға енгізіледі.

Мәжіліс депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Талқылау