Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға травматикалық қару қолдануға рұқсат бере ме? ІІМ жауап берді

Қазақстанда өзін-өзі қорғауға арналған травматикалық қару қолданылмайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов айтты.

Қазақстандықтарға травматикалық қару қолдануға рұқсат бере ме? ІІМ жауап берді

Әйгілі спортшы Денис Теннің қайғылы қазасынан кейін қазақстандықтар травматикалық қаруды өзін-өзі қорғау үшін қайтаруды ұсынды.

«Біз бұл мәселені қарастырдық. Мұндай қажеттілік жоқ, біз талдадық. Біз травматикалық қаруға 2014 жылы тыйым салдық. Соңғы 5 жыл ішінде біз тыйым салуды енгізгендей, нәтиже бар. Неліктен травматикалық қаруды алды? Көпшілігі оны заңсыз мақсаттарда пайдаланды, көбісі өздерімен алып жүрді. Кез келген оқиғада, тіпті жанармай бекетінде де, олар қаруды алып, қолдана бастады», - деді Мақсат Байболов ҚР ІІМ-де өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Ол травматикалық қаруды өзін-өзі қорғау үшін емес, заңсыз мақсаттарда - тонау немесе бұзақылық кезінде қолданған фактілер көп болғанын атап өтті.

«Яғни, азаматтар оны теріс пайдаланды. Сондықтан, біз басқа елдерге ұқсай отырып, мұндайға тыйым салдық. Пневматикалық қару спорт қаруы санатына жатады, оны тектирде қолдану керек», - деді Байболов.

Еске салсақ, ІІМ бұған дейін Қазақстанда пневматикалық қаруды сатып алуға қатысты жаңа ережелер күшіне енгенін хабарлаған болатын.
 

Талқылау