Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға марқұмның 40 күндігіне дастарқан жаюдың орнына мұқтаждарға азық-түлік тарату ұсынылды

Қазақстанда карантин уақытында марқұмның 40 күндік асының орнына мұқтаждарға азық-түлік тарату ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамал апаның дүниеден қайтқанына 40 күн толуына орай, Алматы Орталық мешітінде қайырымдылық шара өтті. 

Қайырымдылық шараға Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы мешіттерінің имамдары, «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры және еріктілер қатысты.      

Шарада сөз алған Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ең алдымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізді. Сосын Жамал апамыздың 40 күндік садақасын дастархан жайып ас берудің орынына, қазіргі таңдағы карантиндік талаптарды ескере отырып, республикалық қайырымдылық шарасын қолға алған ғазиз ананың перзенттеріне алғыс білдірді. Бұл игі шара аясында еліміздегі мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасалып, соның ішінде Алматы қаласы бойынша 500 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, он баланы өмірге әкелген «Батыр ана», «Құрмет» орденінің иегері, жақсылыққа жаны құмар Жамал апаның ел үшін істіген сауапты амалдарын еске алып, жылы лебізін білдірді. Сөз соңында жомарат анаға дұға бағыштап, рухы пейіште шалқысын деп тілек тіледі.

Содан қаланың бас имамы Жамал апаның ғибратты ғұмырынан сыр шершетін бүктемелер салынған азық-түлік себеттерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып өз қолымен табыстады.

Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр