Қазақстандықтарға ЭЦҚ-ны өзгелерге заңсыз бергені үшін айыппұл салынады
Электрондық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін қазақстандықтарға 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы уақытта қазақстандықтар тарапынан ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беру туралы шағымдар жиілеп кеткен. 2020 жылы осындай 30-ға жуық факт анықталды. Былтыр 50-ден астам әкімшілік іс тіркелді.
"ЭЦҚ-мен қол қою өз қолымен қойылған қолтаңбамен тең екенін және заңды жауапкершілікке әкелетінін есте сақтау маңызды. Өзін қорғау және алаяқтықтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бермеуге, жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығаруға, сондай-ақ парольді стандарттан күрделіге ауыстыруға кеңес береді", - деп атап өтті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"