Қазақстандықтардың Ресей азаматтығын алуы қиындамақ
Қазақстандықтардың Ресей азаматтығын алуы қиындамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: seafarersjournal
Ресейдің мемлекеттік думасына Ресей азаматтығын ала алатын адамдардың шеңберін шектейтін заң жобасы енгізілді. Заң жобасының авторлары думадағы үш фракцияның өкілдері.
"Қазір азаматтық алу бойынша бағдарламаға қатысуға өтініштердің басым көпшілігі, әдетте, Ресей Федерациясының аумағында тарихи түрде тұратын халықтардың өкілдері болып табылмайтын Тәжікстан, Қазақстан және Армения азаматтарынан келеді. Жалпы, КСРО құрамында болған мемлекеттердің азаматтарынан”, – делінген заң жобасында.
Атырауда сот Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адамды жазадан босатып жіберген
Заң жобасының авторлары азаматтықты енді тек Ресей шекарасынан тыс жерде тұратын "Ресей Федерациясының аумағында тарихи өмір сүретін" халықтарға жататын тұлғаларға және олардың ұрпақтарына ғана беру керек екенін айтады.
ТМД елдері институты директорының орынбасары Александр Докучаевтің айтуынша, "Ресей Федерациясының аумағында тарихи түрде өмір сүретін" халықтардың тізімі жоқ. Сондықтан заң жобасында сұрақ тудыратын, әрі өңдеуді талап ететін бөлімдер көп екенін айтады.
Еске салсақ, бұған дейін Мәскеу сотының екі қазақстандықты 13 жылға соттағаны туралы жазған едік.