Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңгенің жартысы: Қазақстандықтар тамыз айында карантинді ұзартқаны үшін жәрдемақы алады

Қазақстандықтар тамызда 21250 теңге жәрдемақы алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ақша

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифинг барысында мәлім етті. Оның айтуы бойынша мемлекет басшысының шішімімен 21250 теңге көлемінде қаржы төленеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығы бойынша карантинді ұзартуға байланысты жәрдемақы міндетті түрде төленетін болады. Бұл 42500 теңгенің жарты бағасын құрайды. Яғни, 21250 теңгені құрайды", - дейді Тоғжанов. 

Тоғжанов 21250 теңге алу үшін қайтадан өтініш берудің қажет емес екенін айтты.

"Қазір қалыптасып қалған жәрдемақы алу жүйесі бар. 2 миллионнан астам адам жәрдемақы алды. Бұл мәселе бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс жасап жатыр. Базада тіркелген адамдар қайтадан өтініш бермей ақ 21250 теңге әрдемақы ала алады", - дейді Тоғжанов. 

Естеріңізге сала кетейік, Президент карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды

Осыған дейін денсаулық сақтау министрі 3 апталық карантин нәтижелерін жариялады

Талқылау